Павлодарда ЖЭО-дағы апатты жою бойынша жаттығулар өтті

Павлодарда ЖЭО-дағы апатты жою бойынша жаттығулар өтті
Фото: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға 130 адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аңыз бойынша №3 жылу-электр орталығындағы ашық қойма аумағында күкірт қышқылы төгілді.

Оқиға орнына санаулы минуттарда станцияның азаматтық қорғау бөлімшелері және кәсіпорынның №2, 3 жылу-электр орталықтарындағы өрт сөндіру бөлімдері келді. Күкірт қышқылының төгілуін залалсыздандыру, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, қойма маңынан топырақ сынамаларын алудың барлық кезеңдері жедел орындалды, – деді компанияда.

Төтенше жағдай жарты сағатта жойылды. Апатты жоюға барлығы кәсіпорыннан 111 маман, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағынан 19 адам және 10 техника жұмылдырылды.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещевтің айтуынша, станцияның барлық азаматтық қорғаныс бөлімшелері жұмыстарын мінсіз атқарды.