Павлодарда жылыжай газдарының шығарындыларын азайту бойынша бағдарлама әзірленуде
Оны жер қойнауын пайдалану басқармасы «Жасыл көпір» ЖШС-нің қолдауымен бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды басқаруға бағытталған экологиялық саясатты іске асыруды жүргізеді.
– Бекітілген жоспарға сәйкес жыл сайын бірқатар табиғатты қорғау іс-шаралары жүзеге асырылады, – деді басқарма басшысының м.а. Дияр Қайыркенов. – Сонымен, ағымдағы жылы «Жасыл көпір» ЖШС-нің қолдауымен жылыжай газдарының шығарындыларын азайту жөніндегі өңірлік бағдарламаны әзірлеуді бастадық. Бұл жоба климаттың өзгеруімен күресу және аймақтағы ауа сапасын жақсарту жөніндегі жалпы стратегияның маңызды бөлігі болады.
Негізгі құралдардың бірі экологиялық мониторингтің заманауи жүйелерін енгізу болып табылады. Олардың ішінде Павлодар облысының үш қаласын қоса алғанда, Қазақстанның 72 елді мекенінде тұрғындарға ауа сапасын бақылауға мүмкіндік беретін AirKZ мобильді қосымшасы бар. Ақпараттың қолжетімділігін арттыру үшін ауа жағдайы туралы деректер Павлодар қаласындағы бес LED-экранда, ал ағымдағы жылдан бастап Ақсу қаласындағы бір экранда таратылады.