Павлодарда жоғалған мүмкіндігі шектеулі ер адам үйге оралды

Павлодарда жоғалған мүмкіндігі шектеулі ер адам үйге оралды
Фото: Константин Шелков

Ол 24 ақпаннан бастап ізделді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

30 жастағы Ерлан Шәкеновтің үйден кетіп, оралмағаны туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Полиция хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. III топтағы мүгедек ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады.

Оның іздеуіне «VITA» еріктілері атсалысты. Олардың айтуынша, ер адам үйге өз бетімен оралды.