Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің денесі судан шығарылды

Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің денесі судан шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еріктілер оны екі күн іздеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 16 маусымда сағат 18:30-да Усолка маңында автомобиль көпірінің жанындағы өзенді патрульдеу кезінде 2002 жылы туған жас жігіттің денесін тауып, судан шығарды. 

Жігіт іздеуде болды. Одан әрі тергеу шаралары үшін денесі полиция қызметкерлеріне берілді. 

Айта кетейік, «VITA» ерікті-іздестіру жасағы 22 жастағы жігітті іздестірген. Ол 14 маусымда үйден шығып, жоғалып кеткен болатын.