Қауіпті хабарлама: Павлодарлық тұрғын көршісін қорқытқан

Қауіпті хабарлама: Павлодарлық тұрғын көршісін қорқытқан
Фото: Константин Шелков

Көршісі бұл ісін бірнеше күн бойы жүргізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны Валерия Хабирова оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Мерлан Смағұловқа жүгінген. Көршісі оған үш-төрт күн бойы балағат сөздер мен қорқытулар жазылған жазбалар жіберген. 

Тәртіп сақшысы оның жеке басын анықтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Құқық бұзушының кінәсі дәлелденген қолжазба сараптамасы жүргізілді. Сот процесі өтіп, кінәлі жазаланды. 

–  Барлық шараларды қолданып, облыс тұрғындарына көмектесу – біздің басты міндетіміз, –  дейді Мерлан Смағұлов.

Жәбірленуші полиция қызметкеріне алғысын білдіріп, кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғысын айтты.