Павлодарда жол апатында зардап шеккен екі сәбидің жағдайы анықталды
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, екі сәбиде де жабық бас сүйек-ми жарақаты тіркелген.
– 2022 жылы туған қыз балада ми жарақаты, сол жақ төбе сүйегінің сынғаны анықталды. 2020 жылы туған ұл баланың миы шайқалған. Оларды кезекші дәрігер қарап шықты. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілуде, – деді департаментте.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда сағат 12:20-да Катаев - Гагарин көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысқан кезде көлікте балалар болған. Сәбилер сағат 12:40-та жедел жәрдеммен балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді.
Фото: Константин Шелков