Министрлікте Баянауыл ауданындағы дала өртінің аумағын нақтылады
Жалпы ауданы 10000 гектар дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар облысынан, Астана қаласынан ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімдері, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құрылымдары қатысты.
– Қазіргі уақытта шабынды шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада.
Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 техника, екі әуе кемесі, үш ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.
Еске сала кетейік, облыс әкімі Асайын Байханов өрт ошақтарын жою орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткізді. Өңірде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Аймақ басшысы барлық шаруа қожалықтарынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуы тиіс қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ, өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұрады. Сондай-ақ эвакуациялау сәтінен кадрлар жарияланды.