Павлодарда ірі дүкендер мерекеге орай жеңілдіктер жасайды

Сауда орындарында тұрғындарды жергілікті әртістер концертпен қарсы алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше, Наурыз мейрамына орай облыс орталығының ірі дүкендері сатып алушыларды мерекелік жеңілдіктермен және акциялармен қуантады.
– Тұрғындарды Batyr mall, ЦУМ, «Арман», Small, Greenwich, «Старый город», «Аквилон», «12 месяцев» және т.б дүкендерде әр түрлі өнімдерге, соның ішінде тұрмыстық техникаға және құрылыс материалдарына тамаша ұсыныстар күтеді, – деді бөлімде.
Сауда орталықтарында жергілікті әртістердің концерті, көңілді ойын-сауық және барлық келушілерге арналған тәттілер бар мерекелік іс-шаралар өтеді.