Павлодарда қала құраушы кәсіпорын үш мыңнан аса жұмыскерге жалақы төлемеген

Павлодарда қала құраушы кәсіпорын үш мыңнан аса жұмыскерге жалақы төлемеген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нәтижесінде 737 миллион теңге қарыз жиналып қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг барысында Павлодар қаласындағы қала құраушы кәсіпорындардың бірінде 2025 жылғы қыркүйек айы үшін еңбекақы төлемеу фактілері анықталды. Жүргізілген талдау нәтижесінде бұл деректер өз дәлелін тапты. 

– Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 737 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы қысқа мерзім ішінде толық өтелді. Нәтижесінде 3 380 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды, – деді облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінде.

Павлодар қаласы прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады.