Павлодарда қоғамдық тамақтандыру өнімдерін сату ережелері қандай?
Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қоғамдық тамақтандыру өнімдері жергілікті жерде тұтынатын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының залында; өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен (тарату желілері, «швед үстелі» және тағы басқаларында арқылы), даяшылар мен бармендер арқылы; тұтынушылардың тапсырыстары бойынша, оның ішінде үйге, жұмыс орындарына, оқу орындарына және тағы басқаларына жеткізу арқылы алып кетуге және әкетуге; аспаздық дүкендер (бөлімдер) және өндіріс орны бойынша тапсырыс үстелдері арқылы; кәсіпорындарда (тамақ тарату және дайындау кәсіпорындарында, аспаздық дүкендерде (бөлімдерде), жеке бөлшек сауда желісінде, басқа да қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, көшпелі қызмет көрсету кезінде); бөлшек сауда желісі арқылы сатылады.
№ ҚР ДСМ-16 санитарлық қағидаларының талаптарына сәйкес ыдыстар мен аспаптар таза, құрғақ, оның ішінде бір реттік пайдаланылады. Бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ пен аспаптарды қайта пайдалануға тыйым салынады.
Тұтынушылардың тапсырыстары бойынша және кәсіпорыннан тыс жерде алып кетуге арналған өнімді сату кезінде тұтыну ыдысы пайдаланылады. Сату кезінде ыстық тағамдардың (сорпалар, тұздықтар, сусындар) температурасы кемінде 75 °С, тағамдар мен гарнирлер – кемінде 65 °С, суық сорпалар мен сусындар – 14 °С-тан аспауы керек.
Салқын тағамдар, жеңіл тағамдар мен сусындар салқындатылған сөрелерде, «салат барларында» көрсетілуі керек. Суық тағамдарды салқындатылған күйде өткізу мерзімі оларды дайындаған және толтырған сәттен бастап 1 сағаттан аспауы тиіс. Қоғамдық тамақтандыру өнімі жарамдылық мерзімі өткеннен кейін кәдеге жаратуға жатады.
Тұтынушылардың тапсырыстары бойынша қоғамдық тамақтандыру ұйымынан тыс және сауда ұйымдары мен аспаздық бөлімдерде сатылатын жартылай фабрикаттар, салқындатылған, мұздатылған және ыстық тағамдар, аспаздық бұйымдар түріндегі қоғамдық тамақтандыру өнімдері тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған тұтынушылық бір реттік қаптамаға буып-түйіледі.
Азық-түлікті ұсыну және бөлуді қызметкерлер тағамның әрбір түріне бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалана отырып жүзеге асыруы керек.
Тарату құралдары таза, дайын өнімнің (тағамның) әрбір түріне жеткілікті мөлшерде болуы керек.