Павлодарда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі тоқтатылды

Павлодарда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі тоқтатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл деректі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адамның тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту жұмысының барысында өсіруге тыйым салынған өсімдіктер табылып, тәркіленді.

Оның айтуынша, ол каннабис тұқымдарын сатып алып, кейін өсіру мақсатында өз үйіне отырғызған. Осылайша, пәтерінде қарасораның шағын плантациясын ұйымдастырған.

Есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.