Павлодарда үш көпқабатты үйдің тұрғындары сусыз қалды

Павлодарда үш көпқабатты үйдің тұрғындары сусыз қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су желілерінде апат болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Шөкин көшесі, 100, Назарбаев даңғылы, 50, 52 мекенжайындағы 16 қабатты үш үйдің тұрғындары көрші павильон иесінің кесірінен сусыз қалды.

11 тамыз күні су желілерінде апат болды.

– Су желілеріндегі апатты жою мүмкін емес, өйткені ағып кету «Панорама» павильонының астында орналасқан. Құрылыс барысында нысан иесі «Павлодар-Водоканал» ЖШС-мен келісіп, желілерді ғимараттың сыртына шығарып тастау керек болған, алайда ол кәсіпорынның ұйғарымын елемей, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған, – деп түсіндірді компанияда.

Кәсіпорын мамандары келесі мекенжайларда суды өшірді: Ак. Шөкин көшесі, 98, 100, 100/1 (Экобазар), Назарбаев даңғылы 50, 52, 48/1 («Гулливер» сауда үйі), Р.Люксембург көшесі, 111, 113. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Водоканал (@pavlodar_vodokanal)