Павлодарда үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған екі адамды полиция оятты
Олардың барлығы айықтырғышқа жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тал түсте әйел адам полицияға қоңырау шалып, Академик Сәтбаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде белгісіз біреулер спирттік ішімдіктер ішіп жатқанын көріп, қоңырау шалған. Енді бір жағдайда Генерал Дүйсенов көшесіндегі үйдің кіреберісінде бейтаныс адам ұйықтап қалған. Тұрғындар оны сыпайы түрде шығаруға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған соң полиция шақырған.
– Полицейлер барлық мас адамдарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді, онда медициналық куәландыру алкогольдік мас күйін растады. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды, – деді департаментте.
Айта кетерлігі, өңірде жыл басынан бері алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін екі мыңға жуық азамат жазаланды.