Павлодарда әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне өтінімдер қабылданады

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне ену бизнестің әлеуметтік бағытын дамытуға және мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өтінімдер Астана көшесі, 61-үй, 1-қабат, 101-кабинетте орналасқан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасында қабылданады. Сондай-ақ өтінішті кәсіпкерлік қызметті тіркеу орны бойынша қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік бөлімдеріне де тапсыруға болады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін. 15 қыркүйектен кейін берілген өтінімдер қаралмайды.
Қосымша ақпаратты 32-33-82 телефоны арқылы алуға болады. Сондай-ақ өтініштерді электронды түрде suleimenova.roza@pavlodar.gov.kz поштасына жолдау мүмкіндігі бар.