Павлодарда ауасы ластанған көшелер аталды
Атмосфералық ауа мониторингі нәтижесінде ластанған көшелер анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қалалық санэпидбақылау басқармасының мәліметінше, 2023 жылғы бірінші тоқсанда 39 бақылау нүктесінен атмосфералық ауаның 1151 сынамасы алынған. Нәтижесінде 33 сынамада келесі мекенжайларда шаңның шекті рұқсат етілген концентрациясының артуы анықталды.
Теплов - Ворушин көшелері, Омбы тас жолы, Павлодарское ауылына кіру трассасы, Торайғыров көшесі - Н. Назарбаев даңғылы, Естай көшесі - Н. Назарбаев даңғылы, Толстой - М. Жүсіп көшелері, Астана - Кривенко көшелері, Ак.Сәтбаев - Ломов көшелері, Малайсары батыр - Қамзин көшелері, Ломов - Қамзин көшелері, Ломов көшесі - Н. Назарбаев даңғылы, Ак.Сәтбаев - Ломов көшелері, Ак.Сәтбаев - Естай көшелері, Шарбақты көпірінің ауданы, Кенжекөл ауылына кіру жолы, Российская - Димитров көшелері, қатты тұрмыстық қалдық полигоны, санитарлық-қорғау аймағы шекарасы, Жібек Жолы көшесі, Байдала ауылы, Долгое ауылына кіру жолы және Кенжекөл ауылы.
Атмосфералық ауаның қанағаттанарлықсыз сынамасының нәтижелері бойынша Павлодар облысы бойынша экология департаментіне ақпараттық хаттар жолданған.