Павлодарда Әскери даңқ мұражайында Жеңіс күні аталып өтті
Мерекеге орай шағын концерт пен түрлі тақырыптық көріністер қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мерекелік шараны ұйымдастырушылар майдан даласынан елге көп адам оралмағанын еске салып, жауынгерлердің отбасымен қоштасып жатқан сәтін көріністе ұсынды. Тіпті соғыс кезінде әйелдер жасағын майданға шығарып салуға тура келгенін де көрсетті. Оны көрсетуде мұражай аумағында орналасқан соғыс кезінде жауынгерлерді тасымалдаған әйгілі жылыту вагонын пайдаланды.
Мұражайдағы шараға павлодарлықтар ақырындп келе бастады. Белгісіз жауынгер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Көпшілігі әскери киіммен солдаттар мен офицерлер болып киініп келді.
Балалар бұл күні үлкен еркіндікке ие болды - олар құлшыныспен зеңбіректердің үстіне шығып, атысып ойнады. Балалар Т34-85 танкін де аса қызығушылықпен тамашалады.
Ересектер жеке-жеке және отбасыларымен бірге әскери техниканың жанында суретке түсті. Сондай-ақ нағыз бірегей жәдігерлер: Мәншүк Мәметова шай ішкен самауыр, Махмет Қайырбаевтың, Кузьма Семенченконың және басқалардың тондары, әскери қару-жарақтары бар мұражай экспозициясын және өткен соғыстың оқ-дәрілерін тамашалады.
Еске салайық, Ұлы Отан соғысы майдандарына 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанды, оның 22 мыңы Павлодар облысының тұрғындары. Соғысқа шақырылғандардың жартысы шайқаста қаза тауып, хабарсыз кеткен. Ерлігі мен қаһармандығы үшін 10 мыңнан астам павлодарлық жауынгер ордендермен және медальдармен марапатталды. Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы 23 жерлесімізге беріліп, сегіз адам Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Фото: Константин Шелков