Павлодардың бірнеше үйінде бір күнге су өшіріледі
Су құбырының авариялық учаскесін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні Павлов көшесі, 71 мекенжайында жапқыш арматураны және су құбырының авариялық учаскесін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Павлов көшесіндегі 67/1, 71 және 73-үйлерде, Қамзин көшесіндегі 96-үйде, сондай-ақ Чайковский көшесіндегі 12-үйде сумен жабдықтау тоқтатылады.
Мамандар келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін су беру қалыпты режимде қалпына келтірілетінін мәлімдеді.