Павлодардық оқушы бес күндік олимпиадада білімін сынады

Павлодардық оқушы бес күндік олимпиадада білімін сынады
Фото: pexels.com/Polina Tankilevitch

Ол қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Химия және информатика бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы бес күндік республикалық олимпиадада Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларынан 9-11 (12) сыныптардың 307 оқушысы жоғары білім деңгейін көрсетті. Облыстық кезеңнің 8 жеңімпазы мен жүлдегерлері, оның ішінде өңір намысын қорғады. 

Олимпиада Ақтау қаласында «Aqtau International School» мектебінде өтті, теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды.

Олимпиада қорытындысы бойынша химия пәнінен Павлодар қаласының №29 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ева Шевчук ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қола медалі мен III дәрежелі дипломының иегері атанды.

Ева 2024 жылғы Президенттік олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңінің жеңімпазы, республикалық кезеңнің қатысушысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың жыл сайынғы жеңімпазы және жүлдегері.