Павлодарлық қыз Елорданы сұлулығымен тамсандырды

Павлодарлық қыз Елорданы сұлулығымен тамсандырды
Фото: Інжу Рустамқызының жеке архивінен

Ол танымал әнші болуды, балаларға спорттық би үйретуді армандайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

14 жасар Інжу Рустамқызы «Астана ханшайымы» Бірінші вице-мисс атағын жеңіп алды. 30 қатысушының арасында павлодарлық тек астаналық аруға есе жіберді.

- Жарыс өте қызықты болды, ойландыратын тапсырмалар болды, барлық қыздар жеңіске лайық болды. Болашақта танымал әнші, актриса болуды, балаларды спорттық биге үйретуді армандаймын, – дейді Інжу Рустамқызы.

Павлодардағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушысы биыл тоғызыншы сыныпқа көшті. Қыз сонымен қатар эстрадалық вокал бойынша музыка мектебіне барады.

Бірақ ол жастайынан спорттық бал биімен айналысқанымен танымал. Ол өзінің серіктесі Нұрасыл Қанатпен бірге көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы болды.