Павлодарлық Ұлттық ұландықтар алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Павлодарлық Ұлттық  ұландықтар алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі ұсынды

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

- Өз таңдауын бірінші болып 6679  әскери бөлімнің  атқыш сарбазы қатардағы Мақсат  Құмарбеков жасады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы басталды.

Павлодар облысында таңғы жетіден бастап 523 сайлау учаскесі іске қосылды. Олардың жүзден астамы облыс орталығында орналасқан.

Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Облыста сайлауда дауыс беруге құқығы бар 512 200 кәмелетке толған тұрғын бар.