Павлодарлық әнші жерлестерін ел дамуына үлес қосуға шақырды
Ол реформалар туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
- Сіздермен елімізде болып жатқан маңызды реформалар туралы өз ойыммен бөліскім келеді, - дейді «Жас қанат» конкурсының лауреаты, тіл жанашыры Эльдана Габерман. – Қазақстанымызды жақсы жаққа өзгерте аламыз. Менің ойымша, әр ауылымызда, қаламызда үлкен өзгерістерге үлес қоса аламыз. Біз бірге болсақ, кез келген мақсатқа жете аламыз. Қазақстанды одан әрі дамыта аламыз.