Павлодарлық акробат қыздар Португалиядан алтынмен оралды
Ерлер де құр қол қалмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
№1 спорт мектебінің мәліметінше, 6-16 қыркүйек аралығында Португалияның Гимарайнш қаласында спорттық акробатикадан Бүкіләлемдік жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа 32 мемлекеттен 500-ден аса спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, АG тобында №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және ЖСШМ тәрбиеленушілері Елизавета Кохнович пен Анна Глотова жұп болып өнер көрсетіп, чемпион атанды. Ал ерлер арасындағы жарыста Захар Базилевич мен Ильяс Мухтасаров күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, бүкіләлемдік жарыстармен қатар өткен спорттық акробатикадан жастар арасында өткен бірінші Әлем чемпионатында ерлер жұбы Базилевич Захар мен Мухтасаров Ильяс күміс жүлдегерлері атанды.