Павлодарлық акробаттар халықаралық аренада жоғары дайындықты көрсетті

Павлодарлық акробаттар халықаралық аренада жоғары дайындықты көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар бірнеше жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ташкент қаласында батуттық гимнастикадан Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Польша және Тәжікстан елдерінен келген 150-ден астам спортшы қатысқан халықаралық турнир өтті. Осы мемлекеттердің үздік спортшылары жүлделі орындар үшін бақ сынасты.

Қазақстандық құраманың намысын Павлодар облысының №1 ОРМБЖМ, ЖСШМ спортшылары, сондай-ақ Қарағанды мен Астана қалаларының атлеттері қорғады. Турнир елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып, дәстүрлі оқиғаға айналды.

Спортшылар халықаралық аренада өздерінің жоғары дайындық деңгейін тағы да дәлелдеп, ел намысын лайықты қорғады.