Павлодарлық «Арман» қайтадан өз мәртебесін бір жылдық үзлістен кейін дәлелдеді

Павлодарлық «Арман» қайтадан өз мәртебесін бір жылдық үзлістен кейін дәлелдеді
Фото: pexels.com/Daily Takes

2025 жылғы маусымдағы жағажай футболынан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бір жылдық үзілістен кейін павлодарлық «Арман» қайтадан өз мәртебесін дәлелдеп, клуб тарихындағы 16-чемпиондығын жеңіп алды. Күміс жүлдені – Абай облысының «Barqy» командасы, ал қола медальді Жетісу облысының «Малайсары» командасы иеленді.

Финалдық турдың қорытындысы бойынша маусым бойғы үздіктер жеке номинациялар бойынша анықталды.

Үздік қақпашы «Barqy» командасының Дмитрий Бровко атанса, үздік жас ойыншы Golden Beach Boy атағын «Арман» тобының ойыншысы Михаил Кайзер алды, ал үздік бапкер «Малайсары»-дан Самат Ысқақов атанды. 

Үздік сұрмерген атағын «Omega» ойыншысының Дәурен Қойшыбаев алса, үздік төреші алматылық Азамат Ахметов және үздік ойыншы «Малайсары»-ның Саят Әшімов болды. 

Чемпионат қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеке номинация иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Павлодар облыстық футбол федерациясының президенті Ойрат Садуов Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Олег Кольев және Қазақстан футбол федерациясы жағажай футболы департаментінің өкілі Меруерт Таңабаева қатысты.