Павлодарлық бақылаушы дауыс берудің тәртібін тағы да еске салды

Павлодарлық бақылаушы дауыс берудің тәртібін тағы да еске салды
Фото: Константин Шелков

Кей жағдайларда электрондық үкімет порталының онлайн сервисі қолданылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы №15 сайлау учаскесінің төрайымы Шолпан Шахметова мәлімдеді. 

- Біз референдумға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарды қабылдаймыз. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін учаскеде барлық қажетті жұмыстар ұйымдастырылған. Мәселен,  комиссия мүшелері референдум қатысушыларын қарсы алады, тізім бойынша тексереді, бюллетеньдер береді және дауыс беру тәртібін түсіндіреді, - деді ол.

Сайлау учаскесінің төрайымы егер азамат дауыс беруге келгенде тізімде өз есімін таппаса, арнайы іс-қимылдар қарастырылғанын айтты. Мұндай жағдайларда электрондық үкімет порталының онлайн сервисі қолданылады. Осылайша, Павлодар тұрғынының тіркелгендігі туралы мәліметті тексеруге болады. 

- Егер тіркеу біздің сайлау учаскеміздің аумағында расталса, комиссия оны референдум қатысушылары тізіміне қосу туралы шешім қабылдайды. Осы мақсатта азамат өтініш жазады және жеке деректерін өңдеуге келісім береді, содан кейін дауыс береді, - деп түсіндірді Шолпан Шахметова. 

Мұндай жүйе процедураны ыңғайлы етеді және азаматтарға Конституцияда берілген құқықтарын референдумда жүзеге асыруға толық мүмкіндік береді.