Павлодар облысының өнімдері Жапония, Корея, Германияда сұранысқа ие
Жалпы кәсіпорын шығаратын өнімдер 43 елге экспортталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а.Сағыныш Нұркимбаев мәлім етті.
– Павлодар облысы шикізаттық емес экспорт көлемі бойынша үшінші орында. Экспорт көлемі шамамен үш миллиард долларды құрайды. Өңірдің жалпы экспортындағы шикізаттық емес тауарлар экспортының үлесі 68%, ал елдегі өңірдің үлесі 12%, – деді спикер.
Оның сөзінше, павлодарлық өнімдерді әлемнің 43 еліне экспортпен шығарылады.
– Көбінесе Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей Федерация елдерінде сұраныс бар. Көп экспорталатын үштік өнімдеріне – аллюминий, ферроқорытпа және машина құру шикізаттары кіреді, – деді Сағыныш Нұркимбаев.
Спикердің айтуынша, облыстың барлық өнеркәсіптік өндірісінің өңдеуге 66% келеді. Өңір Қазақстанның өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша төртінші орынды және өңдеу көлемі бойынша екінші орынды алады.