Павлодарлық баскетболшылар Көкшетауға сапар шекті

Ұлттық лига чемпионатының аяқталуына дейін павлодарлық қыздарға бір-ақ ойын қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жұлдыз Байдүйсенованың шәкірттері бір күн бұрын жергілікті «Оқжетпеспен» екінші рет кездесті. Бірінші кездесуде павлодарлықтар тәжірибелі де білікті «көкшеліктерге» 66:49 есебімен тегеурінді қарсылық көрсетсе, екінші кездесуде, өкінішке орай, біздің қыздар паркет иелерінен сөзсіз ұтылды – 89:48.
Осыған қарамастан Ксения Абдурашитова 13 ұпай жинады. Екі кездесудің қорытындысы бойынша 24 ұпаймен Ділназ Еркебай ең көп ұпай жинады. Айта кетерлігі, жас павлодарлық Шакира Валиева да жақсы нәтиже көрсетті. Алғашқы кездесуде 18 жастағы ойыншы тоғыз ұпай жинады.
Бүкіл чемпионат ауқымындағы үздік ойыншыларға келетін болсақ, мұнда да павлодарлықтардың аяқалысы жаман емес. Ділназ Еркебай еншісінде 271 ұпай, ол сәйкесінше тек 282 және 280 ұпай жинаған «Каспий» ойыншылары Александра Петелина мен Владислава Волошинадан кейінгі үшінші орында.
«Ertis» соңғы кездесуін Түркістанда өткізеді. «Тұранға» қарсы ойын 11 наурызда өтеді. Бұл ойын қалай аяқталса да, павлодарлық команда Ұлттық лига чемпионатында бесінші орынға тұрақтайды.