Павлодарлық депутаттар халықпен кездеседі

Павлодарлық депутаттар халықпен кездеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар тұрғындардың мәселелерін тыңдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

6 ақпанда сағат 17:00-де «AMANAT» партиясының облыстық және қалалық мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, «Batyr Mall» сауда-ойын-сауық орталығының холында  тұрғындарды қабылдайды.

Қала және облыс тұрғындары өзекті мәселелерді талқылауға және ұсыныстар енгізуге шақырылады.