Павлодарлық депутаттар патронаттық отбасыларға қолдау көрсетті

Павлодарлық депутаттар патронаттық отбасыларға қолдау көрсетті
Фото: жасанды интеллект

Кездесу барысында бала тәрбиелеп отырған азаматтарға азық-түлік себеттері мен ақшалай сертификаттар табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Халықаралық отбасы күніне орай «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында облыстық мәслихат депутаттары өңірдегі патронаттық отбасыларды аралады. 

Депутаттар барған отбасылардың бірі – Анастасия Бурякованың шаңырағы. Ол әпкесі қайтыс болғаннан кейін екі жиенін өз қамқорлығына алып, бүгінде оларды туған баласындай тәрбиелеп отыр.

– Балалар үшін ең маңыздысы – өздерінің жалғыз еместігін, жанында тіреу болар отбасы бар екенін сезіну. Әрине, қиындықтар болады, бірақ біз бәрін бірге еңсеруге тырысамыз. Осындай сәттерде бізді ұмытпай, көңіл бөліп жатқандарыңыз қуантады, – деді Анастасия Бурякова.

Сапар барысында халық қалаулылары отбасылардың тұрмыс жағдайымен танысып, бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Депутаттар ата-анасыз қалған балалардың тағдырына жауапкершілік алған жандардың еңбегі қоғам тарапынан ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.