Павлодарлық дойбышылар Қазақстан чемпионатында топ жарды
Жас спортшылар елдік додада үздіктер қатарынан көрінді,деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда ересектер мен жастар арасында дойбы-64 және дойбы-100 (классика, рапид және блиц) бойынша Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрамасы командалық есепте сегіз жүлде жеңіп алды. Оның ішінде екі алтын, төрт күміс және екі қола медаль бар.
Сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі спорт клубының 28 тәрбиеленушісі жалпы 52 медаль еншіледі. Оның 12-сі алтын, 24-і күміс және 16-сы қола.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы уақытта халықаралық жарыстарда Павлодар облысының ғана емес, Қазақстанның намысын қорғайтын болады.