Павлодарлық еріктілер үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға тамақ таратты
Олар мұндай сауапты істі жүйелі түрде өткізіп тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
VITA еріктілер тобы үйсіз-күйсіз жүрген көмекке мұқтаж адамдарға ыстық шәй мен макароннан жасалған тағамдарды тарратты.
– Біздің ең басты мақсатымыз – адамның мұндай хәлге қалай жеткені жайлы білу. Әдетте олардың туыстары жайлы сұраймыз. Тіпті, олардың ішінде біз іздестіріп жүрген адамдар да болуы мүмкін, – дейді «Vita» еріктілер тобы әлеуметтік желіде.
Аталған акцияның өз нәтижесін беруде. Еріктілер Іnstagram желісіне тамақтандыру барысында түсірілген фотоларды салғанда жақындары танып, хабарласып жатады. Тіпті, олардың ішінде іздеуде жүрген тұрғындар да болған.
Еріктілер бұл қайырымдылық жобасын әрі қарай жалғастыратыны атап өтті. Әсіресе қыс мезгілінде күшейтілмек.