Павлодарлық фермер жыл бойы дерлік алқапта құлпынай өсірудің тәсілін тапты

Өнім жергілікті базарларға жөнелтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байхановқа «Жанашар 91» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы Серік Әскердің айтуынша, шаруашылықта сегіз жыл қатарынан бақша құлпынайы өсірілген. 2025 жылы фермер жаңа шешім қабылдап, қорғалған топырақта құлпынай өсіруге көшкен. Әзірге мұндай құлпынай бір гектар жерді ғана алып жатыр.
– Бұл вегетациялық кезеңді ұзартып, құлпынайды наурыздан қарашаға дейін өсіруге және өнім алуға мүмкіндік береді, – деп жетістіктерімен бөлісті фермер.
Мұндай тәсіл өсімдіктерді тиімді көбейтуге, сапалы көшет дайындауға және егіс алқабын ұлғайтуға жол ашады.
– Ремонтантты сорттарды өсіру тиімді, өйткені олар маусым бойы бірнеше рет өнім береді, – деп түсіндірді Серік Әскер. – Бір реттік сорттар бір рет өнім береді, бірақ бәрі күтімге байланысты.
Фермер биыл шамамен сегіз тонна өнім алуды жоспарлап отыр.