Павлодарлық футболшы Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты

Павлодарлық футболшы Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты
Фото: Ақорда

Еліміздің бас футбол командасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 18 ұпай жинады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар Сан-Мариноны 3:1 есебімен ұтты. Матч  футболшыларымызға оңайға соқпады. Магомед Адиев шәкірттері тәуір ойын өрнегі көрсете алмады. Ойыншылар жауапкершілік себебінен сылбыр көрінді ме әлде бірқатар маңызды футболшылардың жоқтығы сыр берді ме - белгісіз.

Дегенмен, 19-минутта Ислам Чесноков есеп ашса, екінші таймның басында жартылай қорғаушы есепті еселеді. Бірақ бірер минуттан соң қақпашымыз Игорь Шацкий мен қорғаушы Александр Марочкин қателесіп, қонақтардың гол соғуына жол беріп қойды.

Павлодар футбол мектебінің түлегі Арман Кеңесов 55-минутта алаңға шықты. «Ақтөбе» ойыншысы бірден белсенділік таныта бастады. Матчтың негізгі уақытына қосылған минуттарда ол қарсыластың айып алаңына еніп, қонақтар қорғаушыларының тепкісіне душар болды. Пенальтиді Абат Айымбетов кәдеге асырды.

18 ұпай жинаған Қазақстан Евро-2024 финалдық кезеңіне шығуға мүмкіндік алп отыр. Ол үшін соңғы турда сырт алаңда Словенияны ұту керек. Матч 21 қарашада Люблянада өтеді.