Павлодарлық кәсіпкер этно-коллекциясын жаппай өндіріске шығарды

Павлодарлық кәсіпкер этно-коллекциясын жаппай өндіріске шығарды
Фото: Айзат Байтенова

Ұлттық нақыштағы сән үлгілері жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық кәсіпкер Айзат Байтенова бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларына арналған этникалық элементтері бар киім коллекциясын таныстырды. Ол Hanym этноательесінің негізін қалады.

Оның айтуынша, тігіншілік пандемия кезінде басталды. Сол сәтте матадан бетперде тігілді. Балалық арманы,  этноколлекция жасау кейінірек жүзеге асты.

– Біз этно-киімді күнделікті қолдануға ыңғайлы етіп тігеміз. Балалар оны тек мерекелік еретңгіліктерге емес, жыл бойы киеді. Ең бастысы – қолайлылық. Мысалы, Өзбекстанда шапан тұрмыстың бір бөлігі болып саналады, сондықтан дәстүрлі нақыштар ұмытылмайды. Ұлттық киімнің жылына бір рет қана емес, күнделікті киілуі маңызды. Балалық шағымда мектепте Наурызда ұлттық киім киетінбіз. Ал шын мәнінде көшпенділер оны күн сайын киген, оның қасиетті мәні бар. Киім арқылы адамның жасын, отбасылық жағдайын, әлеуметтік мәртебесін анықтауға болатын, – дейді Айзат.

Павлодарлықтар үшін этно стильдегі мектеп формасы да тігіледі. Соңғы уақытта киімге сұраныс артып келеді. Жергілікті шеберлері коллекциясының өнімдері Астана мен Алматыға жіберіледі. Танымалдықтың сыры – ыңғайлылығында. Мысалы, белдемшеге бірнеше деталь қосып сарафанға айналдыруға болады.

– Біздің ұранымыз – «Этно-киімге сүйіспеншілік бесіктен басталады». Бізде ең кішкентайларға арналған киімдер бар. «Ертіс еркесі» деген жазуы бар футболкалар, Made in Pvl белгісі бай жейледерді тігеміз. Ерлерге арналған «Шаңырақ иесі» өрнегі бар футболкалар бар. Жазба кестелеп тігілген,  сондықтан ол ұзақ сақталады. Сондай-ақ «Қарлығашым» деген жазуы бар балалар киімі сатылымда. Үлгілердің түрлері жетерлік, – дейді этнодизайнер.

Айзаттың айтуынша, бұрын тапсырыстар жекелеген болса, қазір бүкіл отбасыға арналған киімдер тігіледі. Үлгілер тойларға, мерекелерге арналған. Ең ерекше тапсырыс төрт баланың ата-анасынан түскен. Тігіншілер мерейтойға арнайы отбасылық коллекциясының дизайнерлік тапсырысын орындады. Мұндай отбасылық тапсырыстар жалға алу үшін емес, күнделікті киім ретінде киюге арналған.

– Биыл этникалық нақыштағы киімдерге сұраныс ерекше көп. Енді ұлттық киім Наурызда ғана қажет емес. Әсіресе, жастарға арналған этникалық нақыштағы күртешелер тез сатылып кетеді, – дейді Айзат.

Кәсіпкер «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды. Келесі қадам – ұсақ малдың жүнінен киіз өндіру. Павлодар облысында қой мен ешкі жүні жетіп арталады. 

Қазіргі уақытта жүнді қайта өңдеуге арналған жабдыққа тапсырыс берілген. Алдағы уақытта экологиялық таза материалдан ұлттық нақыштағы бұйымдар – сыйлық бұйымдар мен ойыншықтар жасалады. 

Еске салайық, өткен жылы Павлодардағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы жанынан креативті индустрия орталығы ашылған. Бір жыл бұрын Айзат Байтенова командасымен алғашқы этноколлекциясын таныстырса, бүгінде жаппай өндіріс жолға қойылып отыр.