Павлодарлық кәсіпорындарға Қытайдың жаңа технологиялары енгізілуі мүмкін

Қаланың бас энергетиктері Қытайдың ірі өндіруші компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ басшылығы энергетикалық және өнеркәсіптік жабдықтардың ірі өндірушісі Shanghai Electric Corporation өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар компанияның энергетикалық нысандарын жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Shanghai Electric Corporation делегациясы Павлодар 2-ЖЭО-ға барып, алдағы жаңғырту жоспарын зерделеді. 2026 жылдан бастап станция жабдықтарын қайта құрылымдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Shanghai Electric Corporation – бу турбиналарын өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Ол энергетикалық нысандарды жобалау, салу, қызмет көрсету және жаңғырту бағытында жұмыс істейді.