Павлодарлық көлік жуу кезінде зақымданған көлігі үшін өтемақы талап етті

Павлодарлық көлік жуу кезінде зақымданған көлігі үшін өтемақы талап етті
Фото: istockphoto.com/jarino47

Енді материалдық және моральдік залал өтеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Үстіміздегі жылдың ақпанында Павлодар тұрғыны конвейерлік автокөлік жуу қызметіне жүгінді. Кейін ол машинасының жүк салу бөлігіне зақым келгенін анықтаған.

– Конвейерде пайда болған мұз салдарынан автокөлік өздігінен сырғып, жуу орнының жабдықтарына соғылды. Сол жерде мұз уақытылы тазаланбағаны анықталды. Сонымен қатар, автокөлік иесіне қызмет көрсету шарттары толық түсіндірілмеген, – деп хабарлады облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірова. 

Көлік жуу орталығының өкілдері жүргізушінің көлікті дұрыс қоймағанын айтып, кінәсін мойындамаған.  Алайда, қос тарап сотта кездесті.

Сот шешімі бойынша көлік иесі кәсіпкерден миллион теңгеден астам қаржы төлеуін талап етті. Осылайша, жүргізушінің талаптары қанағаттандырылды.

Айта кетейік, биыл сот істерінде де тұтынушылардың пайдасына шешімдер басым түсті. Жыл басынан бері отырыстарға қатысқан департамент өкілдері 19 талап-арызды қанағаттандырды. Нәтижесінде азаматтарға 73 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сондай-ақ, қала базарларының бірінде заңсыз өсірілген. Бұны мамандар жоспарлы тексеріс жүргізу уақытында анықтаған. Салдарынан барлық жауапты жандар әкімшілік жазаға тартылды.