Павлодарлық каратэшілер ел чемпионатынан жүлделі оралды
Чемпионатқа елдің 18 өңірінен мыңнан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Талдықорған қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне орай қыздар мен әйелдер арасындағы каратэден ҚР XVII чемпионаты, ката және тамешевари тәртіптері бойынша ел чемпионаты, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы киокушинкай каратэден ҚР кубогы аяқталды.
Жарыс нәтижелері бойынша өңір намысын қорғаған «Nomad» каратэ киокушинкай мектебінің тәрбиеленушілері Хафиза Ерқасымқызы мен Жасмин Түймебай бірінші орынды, Аяулым Сағатова мен Саида Дүйсембенова екінші орынды, Томирис Ахметбекова, Жасмин Қалиева және Садиг Мамедов үшінші орынды иеленді.