Павлодарлық жас боксшы Сербияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

Павлодарлық жас боксшы Сербияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Спорттық додаға он елдің жас спортшылары жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Олимпиадалық резервті дайындау орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сербияның Врбас қаласында 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан «Ұлт Кубогы» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Сербия, Румыния, Ресей, Босния және Герцеговина, Болгария, Македония, Чехия және Палестина елдерінен келген спортшылар қатысты.

– Қазақстан құрамасы сапында павлодарлық жас боксшы, Олимпиадалық резервті дайындау орталығының тәрбиеленушісі Ансар Кусман өнер көрсетті. Ол +80 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, турнирдің алтын жүлдегері атанды. Ансар бұл жарыс барысында жоғары шеберлік пен тактикалық дайындықты көрсетіп, мықты спорттық мінез танытты, – делінген хабарламада.

Жас спортшыны жарысқа жаттықтырушы Сергей Каршигенов дайындаған. Турнир Ансар үшін халықаралық деңгейдегі тәжірибенің бастауы болды.