Павлодарлық колледжден шыққан екінші студент Google-ға шақырылды

Павлодарлық колледжден шыққан екінші студент Google-ға шақырылды

Жазда ол Торайғыров университетіне грантқа түскен болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бір жыл ішінде Ақпараттық технологиялар колледжінің екінші студенті Google-ға шақырылды. Павлодарлық оқу орны Қазақстандағы IT-білім берудегі көшбасшылығын тағы да растады.

Роман Устименко жақында GDG Summit 2025 конференциясына қатысу үшін Дубайға барады. Бұл Google-дың әзірлеушілер мен технология жетекшілеріне арналған беделді халықаралық іс-шарасы.

Естеріңізге сала кетейік, Берлинде өткен Google конференциясында Павлодарды және бүкіл Қазақстанды алғаш рет Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Даниил Барт таныстырды.

Екеуі де Ертіс өңірі IT-қоғамдастығының белсенді қатысушылары. Роман осы жазда колледж дипломын алып, Computer Science бағытында Торайғыров университетіне грантқа түсті. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Беларусь елдеріндегі компьютерлік клубтар үшін CRM жүйелері мен шешімдерін әзірлеуге маманданған RomarioDeveloper атты ЖК-компаниясын іске қосты.

Роман Устименко NASA Space Apps Challenge-2024 ірі халықаралық хакатонының жаһандық номинанты атанған команданың құрамында болды. Бұл еліміздің халықаралық аренада ілгерілеуіне қосылған қомақты үлес.

Колледждің түлектермен байланыста болуы, олармен әртүрлі форматта ынтымақтасуы өте маңызды. Қазіргі уақытта Роман Устименконың колледж студенттеріне арналған курс оқып, өз тәжірибесімен бөлісу мүмкін.