Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада қола медаль жеңіп алды

Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада қола медаль жеңіп алды
ЖИ иллюстрациясы

Ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы білім додасына еліміздің барлық өңірінен 400-ден астам жас қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

16–20 қараша аралығында Астанада ауыл мектептерінің 10–11-сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Павлодар облысынан республикалық кезеңге облыстық олимпиаданың жеңімпазы атанған 20 оқушы қатысты. Олардың екеуі Кенжекөл орта мектебінде білім алады.

Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі және қазақ, орыс тілдерін оқыту бағыттары бойынша жеті пәннен білімдерін сынады.

Байқау қорытындысында Кенжекөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айым Құрман үшінші орын иеленді. Ол ҚР Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломымен марапатталып, қола медаль алды.

Республикалық олимпиада ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтауға және олардың білімін шыңдауға бағытталған.

А. Құрманның жеке архивінен алынған фото