Павлодарлық оқушы тігін машинасын ұтып алды
Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінде «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «Abilympics JuniorSkills – жасөспірімдер чемпионаты» облыстық кәсіби байқауын өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Abilympics қозғалысы аясындағы байқау ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, облыстың мамандандырылған мектептерінің оқушыларына арналған.
Байқаудың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтендіру және бейімдеу, оқушылардың кәсіби бағдарын дамыту. Қатысушылар қозғалысқа қатыса отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіби дербестікке деген ұмтылысын арттырады және олардың кәсіби дағдыларын жақсартады, мамандықты қалыптастыруға және таңдауға алғашқы қадамдарын жасайды.
– Қазіргі уақытта колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 28 бала, оның ішінде есту қабілеті нашар 10 бала оқиды. Түлектер қаланың, облыстың және одан тыс жерлердің кәсіпорындарына табысты жұмысқа орналасады, – дейді оқу орнында.
Жарысқа он оқушы қатысты: №6 ЖОББМ, №4 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, №1 арнайы мектеп интернаты, Розовка ЖОББМ, №5 ЖОББМ. Байқау тапсырмасы бойынша шоппер-сөмкесін жасауға 2,5 сағат уақыт берілді. Облыстық кезеңде бірінші орын алған Анита Ли тігін машинасының иегері атанды, Наталья Светличная екінші орынды, Зарина Ярмолюк үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ қалған қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетерлігі, колледж 2023 жылғы наурызда Мец қаласында (Франция) өткен Abilympics Халықаралық байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Оқу орнының түлегі Айжан Татенова Қазақстан құрамасының құрамында облыс атынан өнер көрсетті. Жаттықтырушысы – халықаралық сарапшы, колледж педагогі З. Қудиярбекова.