Павлодарлық оқушыларға қайырымдылық саласындағы жетістіктер көрсетілді
21-23 қазан аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласында «Қайырымдылық керуені» республикалық форумын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2024 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық саласындағы қызметінің және мүмкіндігі шектеулі дарынды балалардың жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару үшін бірыңғай алаң ұйымдастыру туралы қорытындысы шығарылды. Іс-шара ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайында өтті. Ол жерде ҚХА еріктілері мен меценаттарын қайырымдылық қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін «Жомарт жан» Ассамблеясының төсбелгісімен марапаттау және құрмет көрсету рәсімі өткізілді.
Аталған іс-шараға Павлодар облысы білім беру басқармасының №1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернатының оқушылары шақырылып, мұражай бойынша экскурсия өткізіліп, экспонаттар көрсетілді.
Форум соңында оқушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы биыл Алғыс айту күні шеңберінде 1 наурызда бастау алған болатын. Акцияға Қазақстанның барлық өңірлерінен ҚХА мүшелері, еріктілер мен қайырымды жандар қатысты.
Ауқымды шаралардың ішінде ҚХА мүшелерінің қатысуымен өткен «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларын атап өтуге болады. Мәселен, елде су тасқыны басталғаннан бері Ассамблея зардап шеккен өңірлерге 800 миллион теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетті.
Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 6,5 мыңнан астам оқушыға 260 миллион теңгеге жуық қолдау көрсетті.