Павлодарлық оқушылар ұстаздарына арнап айланта отырғызды

Павлодарлық оқушылар ұстаздарына арнап айланта отырғызды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тал отырғызу жұмыстары ұстаздар мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «BioGreen» экологиялық үйірмесінің оқушылары республикалық «Мен және менің ұстазым» челленджіне қатысты.

– Мұндай шаралар, оқушылардың бойында экологиялық сана мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйретеді, – деді облыстық оқушылар сарайының баспасөз қызметкері Әсем Аипова.

Іс-шара аясында балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының аумағында қытай шағаны және тал ағаштарын отырғызды. Балалар оларды өздерінің ұстаздарына арнады.