Павлодарлық опера дивасы Виолетта Валериге деген сезімін білдірді
Мария Мудряк сахна сыртындағы бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық опера әншісі өзінің Instagram парақшасында Джузеппе Вердидің «Травиатасындағы» Виолетта Валери рөлін репетициялап жатқан кадрларымен бөлісті.
«Травиатадағы» сүйікті Виолетта рөлімнің ноталарын қайта ашу өте қызықты. Мен оны қатты сағындым. Сіздермен осы ерекше сәтті, оның алғашқы оқуын бөліскім келеді. Және қолдауы мен басшылығы үшін маэстро Винченцоға ерекше алғысымды білдіремін», - деп жазды павлодарлық әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңа жыл қарсаңында Мария Мудряк Пекиндегі Ұлттық орындаушылық өнер орталығында Франц Легардың «Көңілді жесір» опереттасында өнер көрсетті. Бұл оперетта алғаш рет 1905 жылы 30 желтоқсанда Венадағы «Ан дер Вин» театрында қойылды.
Павлодарлық әншінің өнері үлкен табысқа жетіп, Қытайдың барлық кинотеатрларында, сондай-ақ басқа да Азия елдерінде көрсетілді.
Мария Мудряк Павлодарда дүниеге келген. Он жасынан бастап Италияда білім алып, мансабын аты аңызға айналған Ла Скала театрының балалар хорында бастады. Миландағы Джузеппе Верди атындағы консерваторияны бітірген ол бүгінде әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетеді және әлемдегі ең үздік он сопраноның қатарына кіреді.