Павлодарлық ойшыл жастары жасанды интеллект арқылы бағдарлама жазып, сынға түсті
Байқауда 20 команда өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Белсенді жастарды жандандыру және жас таланттарды қолдау мақсатында Pavlodar Hub, IT-school Pavlodar, Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы Google Developers Group-пен бірлесіп жасанды интеллектпен байланысты алғашқы облыстық хакатон өткізді.
Хакатон Google «Gemini» жасанды интеллект қосу арқылы шешімдерді әзірлеумен байланысты болды. Жүлде қоры 100 мың теңгені құрады. Бұл Хакатонға 70 колледж студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған 20 команда қатысты.
Хакатон 8 сағатқа созылды, іс-шара барысында пайдалы және мағыналы өнімдер мен қызметтерге әкелетін көптеген инновациялық еңбектер әзірленді.
Байқау нәтижесі бойынша, «Blinkdevs» комадасы Gemini 1.5 нейрондық желісінің көмегімен кодтағы қателерді диагностикалау және табудағы әрбір әзірлеушінің мәселелерін шешетін Telegram боты және веб-қосымшасы еңбегімен үшінші орынға іліксе, «Solacium» командасы Gemini нейрондық желісі арқылы психологтарға баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға күйзеліс, депрессия сияқты психологиялық проблемаларды жеңуге көмектесетін чат ойлап тапқаны үшін екінші орынға табан тіреді. «Qahar» командасы ақпаратты тексеретін Gemini нейрондық желісі негізінде ақпараттың жалған немесе рас екенін тексеретін Android қосымшасын жасап, байқаудың жеңімпазы атанды.