Ғарышқа көз тастау: павлодарлық астроном қандай сирек құбылыстарды бақылады

Ғарышқа көз тастау: павлодарлық астроном қандай сирек құбылыстарды бақылады
фото: автор

Аса сирек ғарыштық құбылыстар екі ғасырда бір рет болады. Өмірде бір рет кездесетін сәтті өткізіп алмаудың жолы қайсы? @Pavlodarnews.kz тілшісі әуесқой астроном Виталий Радченкомен кездесіп, аспан әлемін зертетудің қызықты деректеріне қанық болды. 

Виталий Радченко – инженер-электроншы, бірақ жаны астрономияға да жақын. Күнделікті өмірде облыстық кардиологиялық орталықтың медициналық-инженерлік қызметіне жетекшілік етсе, түнде ғарыш әлемін зерттейді. Оның «жұлдызды» жолы 45 жыл бұрын басталды, сол сәтте Виталий Радченко алғаш рет телескопқа зер салған. 

– Мектепте «Астронмия» пәні оқытылатын. Ғаламтор, әлеуметтік желілер деген жоқ. Тек қана кітапханадағы материалдарды оқып өстік. «Әуесқой астроном анықтамалығын» жаздырып алатынбыз. Есейген соң жоғары оқу орнына түсу, үйлену, бала тәрбиесі сияқты өмірлік кезеңдерге аяқ бастық. Өткен ғасырдың тоқсанында жылдары астрономиядан алыстап қалдым. Дегенмен, 2006 алғашқы телескоп сатып алдым. Оны сонайу Мәскеуден пойыз арқылы тапсырыс беріп алдырттым, – дейді Виталий Радченко.

Қазіргі уақытта құрылғылар саны өсті: оның коллекциясында төрт телескоп бар. 

Әуесқой астроном жұлдыздар әлемін қалалық жерде зерттеу үшін кедергілер көп екенін атады. Мәселен, жарықтық, ауаның газдануы, шаң–тозаң, зауыттардың көптігі де кері әсерін тигізеді. Ғаламшарларды бақылау үшін оңтайлы жерлер жетерлік. Виталий Радченко әдетті облыс орталығынан 120 шақырымдық жерде, Шалдай орманына жақын аумақта зерттеу жүргізгенді ұнатады.

– Телескоптар температуралық тепе–теңдікте жақсы жұмыс істеді. Обсеваторияда бақылау жүргізуде ыңғайсыздықтар болып жатады. Күндіз асфадь қызып, салдарынан түнде жылы болады. Бұл оптиканың жұмысына кедергі. Сондықтан ауа температурасының балансын сақтап, нақты ауа райы болжамын анықтап отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның температурасы мен ғимарат ішіндегі тепретаруда тең болуы керек. Дегенмен, қала сыртына шығып, бақылау да тиімді, – дейді ол.

Виталий Радченко он жыл бойы оқушылар сарайының обсерваториясына жетекшілік етеді.

– Павлодарда обсерватория жабдықтала бастаған кезде астроном қажет болды. Құрылғыны орнатқан адам менің танысым еді. Ұсыныс түскен соң осында келдім. Бұл жерде Meade 600 телескопы тұр. Оның бөлшектері Америка, Мексика және Польшада жинақталды. Ал оптикалық құбыры мен өзге бөлшештері бөлек әкелінді. Телескоптың диаметрі – 405 миллимет, оның ұлғаюы 800 есеге жетеді, – дейді обсерватория меңгерушісі.

Бұл телескоптың көмегімен оқушылар шексіз ғарышты зерттей алады. Олар Күнді көреді, ол Жерден 150 миллион шақырым қашықтықта орналасқан. Сатурн мен Юпитерді бақылауға да мүмкіндік бар. Ғаламшарлар Жерден 483 миллион шақырым қашықтықта орналасқан, бұл – астрономиялық өлшемдер бойынша өте жақын қашықтық. Ал Плутон – Күн жүйесіндегі ең алыс ғаламшар, оның бізден қашықтығы 4,28 миллиард шақырымға жетеді.

Бұдан бөлек, галактикадан тыс объектілер бар: жұлдыз шоғырлары, тұмандықтар, көршілес галактикалар... Оларға дейінгі қашықтық енді шақырымдармен емес, жарық жылдарымен өлшенеді. Бізден триллиондаған шақырым алыс әлемдер бар. Бұл астрономдардың арманындағы көкжиектер болса керек.

Виталий Радченко астрономияға деген құштарлығының арқасында сирек кездесетін ғарыштық құбылыстарды бақылау мүмкіндігіне ие болды.

– Біріншісі – Меркурийдің Күн дискісінен өтуі. Бұл ғажайып құбылыс 70-170 жылда бір рет болады. Екіншісі – Венера транзиті, одан да сирек кездесетін оқиға. Оның циклдық кезеңі 200 жыл. Осы транзиттердің бірінде Михаил Ломоносов Күн шетіндегі бұлыңғырлықты байқап, Венераның атмосферасын ашты, – дейді ол.

Виталий Радченко Венераның транзитін туған жері Заря ауылынан, ал Меркурийді астрономдар слётінде, Астана, Павлодар, Қарағанды қалаларының ортасындағы аумақты бақылады. Сондай-ақ, ол 2020 жылғы жарқын кометаны тамашалаған. Бұл кометаны жарық аспанда да көруге мүмкіндік болды, мұндай құбылысты екіні бірі көре бермейді.

Павлодарлық астроном басқа әріптестері сияқты Бетельгейзенің жарылуын күтіп жүр. Бұл Орион шоқжұлдызындағы қызыл жұлдыз болашақта жаңа аспан денесіне айналады деген болжам бар. Бұл астрономиялық бақылау тарихындағы ең әсерлі оқиғалардың бірі болмақ.

Виталий Радченко үшін астрономия тек хобби ғана емес. Ол балаларды ғарыш әлемімен таныстырып, кең ойлауға үйретеді және математика мен физиканы жақсы түсінуге көмектеседі. Ең бастысы, армандауға шабыттандырады.