Павлодарлық полицейлер көкшетаулық тұрғынға ағасын іздеп табуға көмек етті

Жоғалған ер адам ауруханаға түскен болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Көкшетау қаласының тұрғыны Май аудандық полиция бөлімі «102» пультіне алаңдаулы қоңырау шалды. Ол ағасымен байланыса алмай жатқанын, ал оның танысының айтуынша, ағасы ауруханаға түскенін жеткізді. Алайда ешқандай қосымша мәлімет болмаған, ал бұл хабарды жеткізген танысы кейін қоңырауларға жауап бермей қойған. Жағдайды қиындатқаны – әйелдің ағасына бару мүмкін болмады.
– Сол күні «102» пультінде кезекші болған полиция старшинасы Равиль Ташенов арызды тыңдап, деректерді нақтылап, медициналық мекемелермен байланысқа шығып, ер адамның шынымен ауруханаға жеткізілгенін анықтады. Туысының алаңын сейілту үшін полицей медицина қызметкерлерімен байланыс орнатты, – деді облыстық полиция департаментінде.
Кейін Көктөбе ауылының учаскелік инспекторы Нығмет Бахтияр ер адамды жеке барып көрді. Әңгіме барысында оның телефонын жоғалтып алғандықтан байланысқа шыға алмағаны белгілі болды. Ағасының аман-есен екенін білген қыз әлеуметтік желіде алғыс хат жазды.
Өз жазбасында ол полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің, сыпайылығы мен зейінді көзқарасының арқасында сабыр сақтап, мәселені тез шешуге мүмкіндік алғанын атап өтті.