Павлодарлық полицейлер жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірдің көп бөлігінде жауын-шашынның қарқындылығы артып, температура төмендейді деп күтілуде. Жаңбыр мен аралас қар жолдағы жағдайды қиындатады. Облыстық полиция департаменті жүргізушілерді жолда қырағы және мұқият болуды сұрайды.
– Жүргізушілер жылдам маневр, жылдамдықты арттыру мен тежегіштер жасамауы керек. Қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдаған жөн. Айналым учаскелерден, жаяу жүргіншілер мен трамвай өткелдерінен аса сақтықпен өту қажет, – деп ескертеді департаментте.
Полицейлер жаяу жүргіншілерге шағылыстыратын элементтері бар киімді киюге, тротуар немесе жол жиегі бойымен жүруге кеңес береді.