Павлодарлық самбошылар Тәжікстанды бағындырды
Ақсақал балуандар Қазақстанға екі алтын мен бір күміс медаль әкелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тәжікстан астанасы Душанбеде 13 елден 400 спортшының басын қосқан самбо шеберлерінен әлем чемпионаты өтті.
Павлодар облысының спортшылары да жүлдесіз оралған жоқ. Жарысқа өңірден сегіз адам барса, үшеуі медальмен келген. Олар самбо күресінің тәсілдерін ерекше шеберлікпен көрсетті.
Алтын медаль иегері, 67 жастағы Уразбай Мұңтыновтың айтуынша, ресейліктер ең мықты қарсылас болып шықты.
– Олар осы спорт түрінің негізін салушылар болып саналады. Олар осы спорт түрінің дайындығы көп және техникасы әлеуетті. Дәл финалда солардың бірімен кездестім. Бұл өте қиын жекпе-жек болған, бірақ соған қарамастан мен оны жеңіп, чемпион атандым, – дейді жүлдегер.
Одан бөлек 55 жастағы Евгений Расщук та туған жеріне алтын әкелді. Екінші орын 70 жастағы Баквай Шугаиповқа бұйырды. Олар қаладағы түрлі спорт кешендерінде жаттығып, әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалды. Сондай-ақ, павлодарлық балуандар стандартты жаттығулардан бөлек, велоспортпен, жүгірумен және үстел теннисімен айналысты.
Оразбай Мұңтынов айтқандай, спортшылар жарыстардағы нәтижелерден бөлек, саяхаттардан, басқа қатысушылармен қарым-қатынастан және шағын фотосессиялардан көптеген эмоциялар алады.
Бәрінен де павлодарлықтарға Душанбе ұнады.
– Маған қаланың өзі ұнады, ол өте жасыл, гүлдермен әсемделген. Тұрғындары мейірімді, қонақжай. Жарыс біткен соң Тәжікстанның балуандары бізді үйлеріне қонаққа шақырды, – деп бөлісті Уразбай Мұңтынов.
Жалпы командалық жарыстың қорытындысы бойынша үшінші орынды жарыс қожайындары – Тәжікстан, екінші орынды Қазақстан иеленді. Ал бірінші орын үкіметтік емес ұйым болып табылатын Халықаралық самбо федерациясына (ФИАС) бұйырды.