Павлодарлық спортшы биатлоннан ел чемпионы атанды
Ксения Крашкевич чемпионаттың алғашқы күнінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Павлодар қаласында 2011–2015 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты (Grand Tour Biathlon турнирінің үшінші кезеңі) басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде 2011–2012 жылдары туған қыздар арасында (3,6 км спринт) Ксения Крашкевич жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, ол чемпионаттың жалпы есебінде көш бастап тұр.
Биылғы жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен 172 биатлоншы келді. Бүгін спортшылар жекелей жарыста бақ сынайды.